Саясат

Қазақстандықтарға РФ-да ұлттық жүргізу куәліктерімен жұмыс істеуге рұқсат берді

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтукөлік жүргізу
көлік жүргізу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтарға РФ-да ұлттық жүргізу куәліктерімен жұмыс істеуге рұқсат берді Қазақстандықтар Ресейде елімізде берілген жүргізу куәліктерімен жұмыс істей алады

АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Ресейде бірқатар елдердің, оның ішінде Қазақстан және Қырғызстан азаматтарына Ресей Федерациясы аумағында көлікті өз елінде берілген жүргізу куәліктерімен жүргізуге рұқсат ететін заң қабылданды. 

"Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы" Федералды заңға тиісті түзетулер мәтіні РФ құқықтық ақпарат порталында жарияланды. 

Бұдан бұрын 25-баптың 13-бабы көлік құралдарымен басқарумен тікелей байланысты кәсіпкерлік немесе еңбек қызметін жүзеге асыруда көлік құралын шетелдік ұлттық немесе халықаралық жүргізу куәліктерімен басқаруға тыйым салынған. 

Түзетулер күшіне енгеннен кейін орыс тілі ресми ретінде пайдаланылатын елдердің азаматтары үшін бұл норма қысқартылады. 

Қазақстанда қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады. Орыс тілі сондай-ақ, ресми тіл ретінде пайдаланылады. 


Жаңалықтар
0