Өңірлер

Синоптиктер Қазақстанда дауыл тұрады деп болжайды

© Sputnik / Болат Шайхиновжел
жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр күтіледі, найзағай болады, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауылмен, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

Ақмола облысының кей жерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман күтіледі, күндіз бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, түнде Солтүстік Қазақстан тұман күтіледі.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, Павлодар, күндіз Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысында дауыл болуы мүмкін.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Қызылорда облысында шаңды дауылмен.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Кызылорда, Атырау, Қарағанды, кей жерлерде Оңтүстік-Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, кей жерлерде Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

 

Жаңалықтар
0