Әлем

Дубай жағажайларында қарлы СПА ашылды

© Photo : ҚМДБ сайтыДубай жағажайларында қарлы СПА ашылды
Дубай жағажайларында қарлы СПА ашылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен демалыс күндері, спаға қазірдің өзінде 1000-нан астам әйел келді

АСТАНА, 26 шілде — Sputnik. "Dubai Ladies Club" Дубай әйелдер клубы жағажайға келген ханымдарға қарлы СПА ұсынады. Бұл алда өткен демалыста ғана ашылған бөлім, деп хабарланады Қазақстан мұсылмандарының діни басқарамасының ресми сайтында. 

DubaICE Ladies Beach атты спа бөлімінде балаларға арналған ойын-сауық пен қонақтар үшін қарлы әрі мұзды сусын сататын бар қойылған. Жаңа қызмет жұма және сенбі күндері 14.00-ден 19.00-дейін балалар мен әйелдер үшін қол жетімді болып табылады.

Зерттеулер бойынша төмен температура денсаулық үшін пайдалы. Атап айтқанда, ол қартаю процесін баяулатады және қуаныш гормондарын көбейтеді және бұлшық еттің қалпына келуіне ықпал етеді, зат алмасуды жақсартады және иммундық жүйені нығайтады.


Жаңалықтар
0