Оқиға

Солтүстік Қазақстанда студент досын құтқарып, өзі суға батып кетті

© Photo : Комитет по ЧС МВД Республики Казахстансу
су - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас жігіт шомылуға болмайтын жерде суға кетті

АСТАНА, 26 шілде— Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында колледж студенті батып бара жатқан досын құтқарып қалды, бірақ өзі суға кетті. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады. 

Тоңазытқыш жанында бала, архив - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Семейде тоңазытқыш ішінен 7 жасар баланың жансыз денесі табылды

Қайғылы оқиға Ақжар ауданы Талшық ауылының жанында болған. Құтқарушылар Шат өзенінен Кішкенекөлдегі ауыл шаруашылығы колледжінің студенті 16 жастағы Нұрислам Жұмабековтың жансыз денесін алып шықты.  

"Жас жігіт шомылуға арналмаған жерде батып кетті. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, сол күні Нұрислам курстастарымен өзенге шомылып жатқан. Бір уақытта олардың бірі бата бастайды, тек Нұрислам ғана бірден оны құтқаруға асыққан. Батып бара жатқан баланы итеріп шығарып жіберіп, ол өзі суға шашалып, өзеннің түбіне кеткен", — деп әңгімеледі қайғылы оқиғаның мән-жайын Уәлихан ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас инженері Руслан Сәдуақасов. 

Айта кетсек, шілде айының басында Қостанай облысында дәл осындай жағдайда сегіз жасар Игорь Коцкий сыныптас қыздың өмірін құтқарып қалды. 

 

Жаңалықтар
0