АСТАНА, 26 шілде — Sputnik. Төрт ай бойы байланысқа шықпаған Өскемен тұрғыны Айнаш Оразалдинова табылды, деп жазады өңірлік "Устинка LIVE" басылымы.
"Аман есен, басқа ештеңе хабарлаған жоқ. Оған Кемеровоға бару керек деді", — деп хабарлады басылымға Оразалдинованың немере сіңлі.
Бұдан бұрын Қазақстанның Омбыдағы консулдығы Кемерово облысы бойынша Ресей ішкі істер министрлігіне 23 жасар Айнаш Оразалдинованы іздеуге көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінген.
БАҚ-тың ақпаратына сәйкес, бойжеткен Кемеровоға осы жылдың наурызында ақша табу үшін аттанып, біраз уақыттан кейін байланысқа шықпай қойған.