АСТАНА, 26 шілде — Sputnik. 64 жастағы әйел Астананың сол жағалауындағы көпқабатты үйдің терезесінен құлап, мерт болды, деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға туралы хабарлама бүгін күндіз сағат бірлер шамасында кезекші бөлімге келіп түскен. 1953 жылғы әйел Достық көшесіндегі үйлердің бірінде терезеден құлап кеткен.
Қазіргі уақытта жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр, оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жүргізуде.