АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Қарағанды облысында аудан әкімінің орынбасары пара алып жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы.
Шенеунік 25 шілдеде 1,5 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің орынбасары Д.Ж. Сүлейменовті 1,5 миллион теңге пара алу кезінде ұстады. Ол «Өңірлерді дамыту 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан құрылыс нысанындағы орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін ЖШС басшысынан пара алған", — деп хабарлайды Ұлттық бюро.
Шенеунік уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.