АСТАНА, 26 шілде — Sputnik. Алматылық "Қайрат" футбол клубының бас бапкері болып испандық маман Карлос Алос Феррер тағайындалды, деп хабарлады сәрсенбіде өзінің Instagram желісіндегі парақшасында Қазақстан вице-чемпиондарының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев.
"Карлос Алос Феррер "Қайраттың" бас бапкері болып тағайындалды", — деп жазды Боранаев өзінің парақшасында.
Ол испандықтың Қазақстан жастар құрамасының жас футболшыларымен жұмыс істеу тәжірибесі бар екенін атап өті. Феррер 17 жасқа дейінгі ел құрамасын жаттықтырды. Бұдан бұрын Боранбаев клуб өздерінің қазақстандық футболшыларын тәрбиелеп, солардың негіз құруға бет бұрғандарын мәлімдеген.