Қоғам

Алматыда әскерилер мен полицейлер салық бойынша борышкерлер тізімінің көшін бастап тұр

© Sputnik / Анатолий Устиненко Полиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалпы осы екі санаттағы борышкерлер мемлекетке 20 миллионға жуық қарыз болып қалған

АСТАНА, 26 шілде — Sputnik. Әскери қызметкерлер мен полицейлер салық төлемен мемлекеттік қызметкерлер мен әскери қызметкерлер рейтінгісінде көш бастап тұр, деп хабарлады Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті. 

Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының айтуынша, қалада төленбеген салығы 300 мың теңгеден асатын 2 мың борышкер бар. Мүліктік салығы қордаланған тұлғалардың арасында мемлекеттік қызметшілер де бар. Атап айтқанда, борышкерлердің көшін әскери бөлімдерде қызмет етіп жатқандар бастап келеді. 496 әскери қызметші 8,3 млн теңге көлемінде салық төлемеген. 

Келесі орында Алматы полициясының қызметкерлері тұр. 361 полицейдің 11,3 млн теңге қарызы қордаланып қалған. 74 жергілікті атқарушы органының қызметкері — 2,5 млн теңге, Ұлттық банктің 47 қызметкері 1,4 млн.теңге берешек. 

Еске сала кетейік, 2017 жылдан бастап жеке тұлғалар мүлік пен жер салығын өзгерген мерзіммен төлейтін болды. Яғни, 2017 жылғы салықты 2018 жылдың қазанына дейін төлеуі тиіс. Ал көлік салығы бұрынғыдай есепті жылдың 31 желтоқсанына дейін төленуі тиіс.


Жаңалықтар
0