АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Жоғары білім бағасын өсіру жемқорлыққа қарсы күресте септігін тигізіп, ЖОО-дағы толассыз кезектен арылтады, деп санайды Қазақстанның Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
Министр атап өткендей, ведомство жоғары білім бағасын тағайындауға араласпайды, ол ЖОО-ның өз құзырында болмақ.
"Егер жоғары білім беру мекемелері қойған баға студенттер жинауға жеткілікті болса, сол дұрыс деген сөз. Бұл нарық, қызмет көрсету. Жеке меншік ЖОО-дағы білім беру бағасын министрліктің тағайындауы дұрыс деп санамаймын. Әйтпесе, тағы да тығырыққа тірелеміз: сол баяғы жемқорлық, кезектер, қол жетімсіздік және тағы басқалары. Осы орайда нарықтық күш өз септігін тигізетініне үміт артамыз", — деп түсіндірді Сағадиев.
Сонымен бірге, министр атап өткендей, биыл тегін білім алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік гранттар саны әжептәуір артқан.