АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қоғам қайраткері Мұхтар Тайжанмен ашық пікірталасқа түсуден бас тартты.
Мұхтар Тайжан Білім және ғылым министрлігі басшысымен үш тілділік саясаты және қазақ тарихы туралы халық алдында сөйлесуге шақырған болатын.
"Бұл менің қызметім деп санамаймын, маған қызық емес, сондықтан кездеспеймін", — деп мәлімдеді Сағадиев ҚР Үкіметіндегі баспасөз мәслихатында.