Қоғам

Сағадиев: латын әліпбиінің бірнеше нұсқасын әзірлеп, бірін таңдау қажет

© SputnikОқушы қыз
Оқушы қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру кезінде әуелі әліпбидің қандай болатыны туралы келісіп алу керек, деп санайды Қазақстанның білім және ғылым министрі Сағадиев.

АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Қазақ сөздерін аудару кезінде бәріне ортақ, әмбебап латын әліпбиін қабылдау – арнайы комиссияның 2017 жылы орындауға тиісті басты тапсырмасы,  деп санайды Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Жансейіт Түймебаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жансейіт Түймебаев латын әліпбиіне көшуге қатысты пікір білдірді

"Биыл орындалуы тиіс мәселе – бәріне ортақ, әмбебап әліпби қабылдау. Бірнеше нұсқасын әзірлеп, оларды талқылап, бірін таңдауымыз керек", — деді Сағадиев Астанадағы брифингте қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы сұраққа жауап беріп. Ол "бұл жобаның аса маңызды екенін, ең бастысы, мұқият болып, ағаттық жібермеу керектігін" атап өтті.

Әліпби қабылданған соң, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы жұмыс жоспары әзірленеді, дейді министр. Оның айтуынша, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру үшін арнайы құрылған комиссия "осы бағытта жұмыс істеп жатыр".

Жаңалықтар
0