Францияның Мон-де-Марсан қаласының мэрі Шарль Дайо дүйім жұрттың алдында егеуқұйрықты жеп қойды.
Қала басшысы биыл көктемде берген уәдесін орындаған. Сол кезде Чемпиондар лигасындағы 1/8 финалында ПСЖ командасы "Барселонаны" 4:0 есебімен жеңген уақытта ол испандық клуб ширек финалға шықса, егеуқұйрық жейтінін мәлімдеген еді. Жауапты кездесуде "Барселона" ойыншылары француздарды 6:1 есебімен жеңеді.