Өңірлер

Еліміздің бес облысында дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Владимир Сергеев / Медиабанкке өтуаптап ыстық болады
аптап ыстық болады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің бірнеше облысында алдағы күндері аптап ыстық болады

АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстықтың беті қайтар емес. Осыған байланысты алдағы бірнеше күнге бірқатар өңірде дабылды ескерту жарияланды. 

"28-29 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, 29-30 шілдеде Қостанай, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде күн қатты ысып, 40-43 градусқа дейін жетеді", — деп хабарлады Қазгидромет. 

Сәрсенбі 26 шілде Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, бұршақ түсуі мүмкін, республиканың солтүстігінде түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Қарағанды облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында кей жерлерде 45 градусқа дейін аптап ыстық болады.

 

Жаңалықтар
0