Өңірлер

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Олег Макаров / Медиабанкке өтуКүн күркіреу
Күн күркіреу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның солтүстік, орталық және батыс өңірлерінде дауыл соғуы мүмкін

АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде сәрсенбі 26 шілде күні ауа райы құбылмалы, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, бұршақ түсуі мүмкін, дауыл соғады, республиканың солтүстігінде түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

"Қазгидромет" метеоқызметінің мәліметінше, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз.

Ақмола облысында кей жерлерде күн күркірейді, желдің екпіні 15-20 м/с, түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал, дауыл соғады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде күн күркірейді, желдің екпіні 15-20 м/с, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады, түнде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман.

© Photo : Қазгидромет26 шілдеге арналған ауа райы болжамы
26 шілдеге арналған ауа райы болжамы - Sputnik Қазақстан
26 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұршақ жауады, Павлодар облысында, күндіз Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні – 20 м/с, Атырау облысында дауыл соғуы мүмкін.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Қарағанды облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында кей жерлерде аптап ыстық болады.

Жаңалықтар
0