АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Астанада биіктен құлаған альпинист ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға елордалық ІІД баспасөз қызметі.
Оқиға сейсенбі күні сағат 12-лер шамасында орын алды.
Қонаев көшесіндегі "ЖШС-лардың бірінде жұмыс істеп жатқан 1988 жылы туған өнеркәсіптік альпинист бес-алты метрлік биіктен құлап кетті", — деп хабарлады полицияда.
Ер адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр.