АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. 16 жасар спортшы фехтование бойынша спорт шеберіне кандидат Анастасия Смирнова еріп кеткен жігіт Алматы тауларында қаза тапты, деп хабарлады ерікті Ислам Үгішев.
"Назар таудан өз бетімен түспек болып, құлап кетті. Жігіт қаза тапты", — деп жазды Үгішев әлеуметтік желідегі парақшасына.
Анастасия өткен демалыс күндері жоғалып кетті. Үгішевтің сөзіне қарағанда, ол өзінің досы – 17 жасар жігітпен қашып кетті деген болжам жасалды.
Екі жасты таныған куәгерлер еріктілерге хабарлаған. Олар Анастасияға ұқсаған қызды Шымбұлақтағы арқан станциясы аймағында көрген.
Жігіт пен қыз олардың артынан адамдардың келгенін байқап, қайтадан қашуға ұмтылған. Таудағы тегіс емес жерде қыз құлап кетіп, тастардан домалап кетті. Салдарынан көптеген жарақаттар алды. Жігіт ары қарай қашып кетті. Оны ТЖД қызметкерлері іздестірді.