Өңірлер

Есік қаласының тұрғыны өз күйеу баласын көлікпен әдейі қаққан

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуҚамауда
Қамауда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Есік қаласында жол апатынан соң күйеу баласы ауруханаға жатқызылып, қайын атасы қамауға алынды

АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Алматы облысында өз күйеу баласын көлікпен әдейі қаққан 44 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Subaru  бес адамды қағып кетті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда көше қиылысында автокөлік бес адамды қағып кетті

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында болған. 24 мамыр күні жергілікті тұрғындардың бірі өз күйеу баласымен ренжісіп, "жигулимен" баспақ болған. 27 жастағы жігіт ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті, ал қайын атасы қашып кеткен еді.

"Күдікті ер адамға республикалық іздеу салынған, ал аталған дерек бойынша ҚР ҚК 106-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Кеше жедел қызметкерлер күдіктінің қай жерде екенін анықтап ұстап, аудандық полицияға жеткізді", — деп атап өтті облыстық ІІД. 

Жәбірленуші ауруханадан шығып, қайын атасына арыз жазудан бас тартыпты, дегенмен полиция қылмыстық тергеуді жалғастыруда. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторында отыр.


Жаңалықтар
0