АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Ақтауда әйел адам жетінші қабаттан құлап, қаза тапты, деп жазады "Лада" жергілікті басылымы.
Сейсенбі күні 01:24-те "жедел жәрдемге" полиция қызметкері хабарласып, болған жайтты жеткізген.
Бір минуттан соң оқиға орнына бір дәрігер мен екі фельдшер аттанады. Алайда жедел жәрдем жеткенше, әйел адам көз жұмған.