АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Оқу-жаттығу кезінде өрт сөндірушілер көрмеге келушілерді емес, ЭКСПО-2017 қызметкерлерін қауіпсіз жерге шығарған, деп хабарлады "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы Sputnik Қазақстан агенттігіне.
"Нұр Әлем" павильонындағы өртке қарсы оқу-жаттығулар жексенбі күні павильон ашылғанға дейін өткен.
255 адамның ішінде бірде-бір көрмеге келуші болмаған.
"Астана әкімдігі оқу-жаттығулар туралы бүгін хабарлады, бірақ ол 23 шілде күні таңертең көрме ашылғанға дейін болған. Оған тек ЭКСПО қызметкерлері ғана қатысты, аумақта келушілер болған жоқ", — деп хабарлады ұлттық компания.