Әлем

Тұрғындарға арамен тап берген ер адамның кім екені анықталды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуБензин ара ұстаған ер адам
Бензин ара ұстаған ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция бензин арамен адамдарға шабуыл жасаған адам туралы қызық дерек хабарлады

АСТАНА, 25 шілде — Sputnik. Швейцарияның Шаффхаузен қаласында қолындағы арасымен адамдарға тап берген ер адамның кім екені анықталды, деп хабарлайды РИА Новости Blick газетіне сілтеме жасап. 

24 шілде Шаффхаузен қаласындағы сақтандыру компаниясы кеңсесінің жанында белгісіз біреу арамен адамдарға тап берген. Бес адам зардап шегіп, екеуі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. 

Полицияның мәліметі бойынша тұрғындарға шабуыл жасаған ер адамның 51 жастағы Франк Вроузис екені анықталды. Осы оқиғаға дейін ол бірнеше апта қаладан екі километр жердегі орманның ішінде өмір сүрген. 

Бұдан бөлек, Вроузистің кеңсесінде қанды қырғын жасаған сақтандыру компаниясының клиенті екені белгілі болды. 

Вроузис әлі ұсталған жоқ, оны полицейлер іздеп жатыр. 

 

Жаңалықтар
0