Өңірлер

Жоғалып кеткен 16 жасар қыз еріктілерден қашамын деп жардан құлап кетті

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда жоғалып кеткен қыз үйге қайтқысы келмей, іздеп келген еріктілерден қашпақ болған

АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. 16 жасар спортшы, семсерлесуден спорт шеберлігіне үміткер Анастасия Смирнова Алматыда бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен еді. Ол досымен бірге таудан табылды, деп хабарлады қызды іздеуге қатысқан еріктілердің бірі Facebook парақшасында.

бойжеткен - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы маңында бойжеткен жоғалып кетті

Алайда қыз үйіне қайтуға асықпаған. Еріктілерден қашпақ болған кезде, ол жардан құлап, есінен танып қалады.

Бойжеткен өткен демалыста жоғалып кеткен. Ерікті Ислам Угушевтың айтуынша, Анастасия өзінің досы – 17 жастағы жігітпен қашып кетіпті, ол қиын бала ретінде тіркеуде болған екен. Қыз бен жігіттің қайда жүргенін Анастасияға ұқсас қызды "Шымбұлақ" арқан жолы маңында көрген куәгерлер айтқан.

Өздерін іздеп келген еріктілерді көрген қыз-жігіт тағы да қашып кетпек болады. Бірақ таулы жерде аяғы тайып кеткен қыз, жардан құлап, тастарға соғылып, көптеген жарақат алады. Басын ұрып алғандықтан, гематома пайда болған.

Еріктінің айтуынша, қызды жедел жәрдем алып кеткен, ал жігіт қашып кетіпті. Оны ТЖД қызметкерлері іздеуде.

Жаңалықтар
0