Оқиға

Футболдан еңбек сіңірген бапкер Бауыржан Сәрсекенов өмірден озды

Жазылу
Бауыржан Сәрсекенов Қазақстанның көптеген клубтарын жаттықтырды

АСТАНА, 24 шілде – Sputnik.  Бұрын "Ақжайык" (Атырау), ЦСКА (Алматы), "Ордабасы" (Шымкент) секілді клубтарда жұмыс істеген Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сәрсекенов Бауыржан Жолдасұлы 62 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарланады Қазақстанның футбол федерацясының сайтында. 

Сәрсекенов "Мұнайшы" (Ақтау), "Намыс" (Алматы), "Ақжайык" (Атырау), ЦСКА (Алматы), "Жетісу" (Талдықорган), "Ордабасы" (Шымкент) және басқа клубтарда жаттықтырушы болғаны хабарланады. Қазақстанның жастар құрамасын да жаттықтырған. 

"Қазақстан футбол федерациясының ұжымы Бауыржан Сәрсекеновтің жақындары мен туыстарына көңіл айтады. Ол туралы естеліктер біздің жүрегімізде мәңгі қалады", — делінген ҚФФ-ның сайтында. 


Жаңалықтар
0