Оқиға

Шығыс Қазақстанда құдыққа түскен 4 адам газдан уланып өлді

© Sputnik / Еркен Салиховқұдық
құдық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шығыс Қазақстан облысында жөндеу жұмыстары кезінде құдыққа түскен 4 адам белгісіз газдан уланып өлді

АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында құдықтағы белгісіз газдан уланып қалған төрт адам көз жұмды, оның екеуі жұмысшыларға көмектеспек болған аудандық соттың екі қызметкері. 

21 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауылында "Казсельбурводстрой" ЖШС-нің үш жұмысшысы су құбырына арналған жолды жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Олардың екеуі құдыққа түскенде онда жиналған белгісіз газдан уланып, естерінен танып қалған. Әріптестеріне көмектесу үшін құдыққа түсе бастаған үшінші жұмысшының тынысы тарылып, есінен тана бастағанда айғайлап, көмек сұрап үлгерген. 

"Көмек сұраған жан айқайды сол сәтте оқиға орнынан өтіп бара жатқан Үржар аудандық сотының қызметкерлері Бақытжан Қайназаров пен Бекзат Құрымбаев естиді. Құрымбаев айқайлаған адамды құдықтан шығарып, қалған адамдарға көмектеспекші болып құдыққа түседі. Алайда газдың әсерінен ол есінен танып қалады. Құдыққа түскен Қайназаров та есінен айырылады. Жедел медициналық жәрдем жеткенше, құдыққа түскен төрт адам да есін жимастан оқиға орнында қаза тапты", — деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.  

28 жастағы Бақытжан Қайназаров пен 34 жастағы Бекзат Құрымбаев Үржар аудандық сотында көлік жүргізуші және жұмысшы болып істеген. 


Жаңалықтар
0