Оқиға

Ақмола облысында отбасы жол апатына түсті

© Photo : Stefan SchweihoferПредупреждающий знак на дороге. Архивное фото
Предупреждающий знак на дороге. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апатынан бір адам қаза тапты, зардап шеккендердің ішінде екі бала бар

АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Астанадан Қостанай облысына қайтып келе жатқан отбасы жол апатына ұшырады, отағасы қаза тапты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарынан. 

Жол апаты 23 шілде, жексенбі күні Астрахан ауданында Алматы-Екатеринбург жолында болды. Volkswagen Passat көлігінде 59 жастағы ер адам, оның 57 жастағы әйелі және 15 жасар ұлы мен 14 жасар қызы болған. 

Көлік Ягодное селосының жанындағы жолда аударылып қалды. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, жолаушылар ауруханаға жеткізілді. 

Белгілі болғандай, отбасы Қостанай облысы Затобольское ауылының тұрғындары. Полицейлер тексеріс жүргізіп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды. 

 

Жаңалықтар
0