Оқиға

Қостанайда саунада күзетші табельдік қарудан оқ атты

© Sputnik / Табылды КадырбековТапанша
Тапанша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Келушілер саунада жанжал шығарған

АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. Полиция Қостанайдағы саунада болған атысты тергеп жатыр, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Арест - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтөбеде полицейлерге оқ атқан қарулы топ құрықталды

Дүйсенбі күні таңертең сағат тоғызда Қостанайда екі рет атыс естілді. Оған "Кузет" қызметкерлері мен "Relax" саунасына келушілер арасында туындаған қақтығыс себеп болған.

Қостанай облысы ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь хабарлағандай, бастапқы мәліметтерге сүйенсек, 25-35 жас аралығындағы төрт жас жігіт саунада жанжал шығарған. Демалуға келген оларды басшылық кіргізбей қойғандықтан, қақтығыс туындаса керек.

Оқиға орнына күзет фирмасының жасағы шақырылды. Күзетшілер бұзақыларды шығаруға тырысқанымен, олар көнбепті. Олардың бірі күзетшіге қол көтереді. Күзетші жерге құлап, қалған үшеуі де жабыла кеткен.

Зардап шеккен күзетшінің әріптесі әуеге оқ атады, содан кейін тағы бір рет шабуылдаушыларды көздейді. Бірақ ешкім оқ жарақатын алмаған, деп атап өтті ІІД баспасөз қызметі.

ҚР ҚК 293-бабы, 3-бөлігі (Қылмыстық топ жасаған бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.

Жаңалықтар
0