АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. Бірқатар шетелдік БАҚ өкілдері Голливуд актері Николас Кейджбен суретке түскен қазақстандық скрипкашы Айман Мұсаходжаеваны Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаевамен шатастырып алды.
Әуелі Fabrice Deprez твитін пайдаланып nydailynews.com америкалық сайты қателесті.
In other news, Nicolas Cage is in Kazakhstan. pic.twitter.com/ceAk0ktgqy
— Fabrice Deprez (@fabrice_deprez) 23 июля 2017 г.
БАҚ атап өткендей, "Ұлт қазынасы" фильмінің жұлдызы Астанада "Еуразия" кинофестивалі кезінде ұлттық киім киіп суретке түскен.
Америкалық әріптестерінің ағаттығын байқамаған британдық huffingtonpost.co.uk сайты да суреттегі актердің ойға шомып кеткенін жазды.
Шетелдік интернет қолданушылары суретке неше түрлі әзіл-қалжың айта бастады.
"Николас Кейдж Қазақстанда, түріне қарағанда, үйде пешті өшірмей кеттіп деп ойлап тұрған болса керек", — деп жазады Christian Borys.
"Ник Кейдж Қазақстанда ұлттық киім киіп, Франсуа Олланды қайталады, бірақ атқа мініп шапқан Сигалға жете алмады", — деп жазды max seddon.
Nic Cage is in Kazakhstan doing a François Hollande in traditional garb but so far shying from a full Seagal, which involves riding a horse. pic.twitter.com/1cFUtrGRwM
— max seddon (@maxseddon) 23 июля 2017 г.
Интернет қолданушылары ойлап шығарған суреттер жинақталып, Rebrn сайтында жарияланды.