Өңірлер

Балыққа кетіп оралмаған ақмолалық 5 күннен кейін өрісте табылды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоСарыарқа даласы
Сарыарқа даласы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бастапқыда іздеуді жоғалғанның туыстары ғана жүргізген, содан кейін полицейлер де кірісті

АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. Ақмола облысының жоғалып кеткен тұрғынын бес күннен кейін өрісте тапқан, деп хабарлайды ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Астрахан АІІБ 19 шілдеде Жалтыр ауылының тұрғынынан хабарлама келіп түсті. Әйел кісі 67 жастағы жұбайының 17 шілдеде балыққа кетіп, оралмағанын хабарлады. Туыстары бірнеше күн бойы оны өздері іздеген, бірақ көмекке жүгінуге мәжбүр болды. 

Ер адамды іздеуге облыс полициясының барлық күштері жұмылдырылды, ауыл тұрғындары сұралып, ол туралы мәліметтер сондай-ақ, Астананың ішкі істер департаментіне жолданған. 

20 шілдеде полицейлер жоғалып кеткен ер адамды өрісте тапты. Белгілі болғандай, балық аулауға кеткен ер адам адасып кетіп, бірнеше күн бойы үйіне қайтар жолды таппай жүрген. 


Жаңалықтар
0