АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрамалары командаларының құрамында 300-ден астам әскери қызметші Әскери халықаралық ойындары конкурсына қатысу үшін Азербайжан, Беларусь, Қытай және Ресейге аттанды, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстандық әскерилер АрМИ-дің 28 конкурсының 17-сіне қатысады. Қазақстан ойындарға жыл сайын қатысады.
АрМИ қатысушылары бірнеше ай бойы көпдеңгейлі іріктеуден өткен "Астана", "Оңтүстік", "Батыс", "Шығыс" өңірлік басқарушылығының үздік әскери қызметкерлері болды.