АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. Қостанайдың автотұрақтарының бірінде лимузин жүріп кетіп, егде кісіні қағып өлтірді, деп жазады өңірлік "Алау" басылымы.
Көзбен көрушілердің сөзіне қарағанда, оқиға 17 шілдеде орын алған. Қостанай облысының ішкі істер департаментінде бұл деректі растап, қаза тапқан кісінің автотұрақта күзетші болып істеген.
Полицияда 17 шілде күні Қарбышев көшесінің бойында орналасқан автокөлік тұрағы аумағында орын алған Қостанай қаласының 74 жастағы тұрғынының өліміне қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-тарауы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Медициналық және автотехникалық сараптамалар жүргізіледі.