Өңірлер

Жексенбі күні Қазақстанда дауыл тұрып, жаңбыр мен бұршақ жаууы ықтимал

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуағаш жапырақтары
ағаш жапырақтары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның сегіз облысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады

АСТАНА, 23 шілде — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр күтіледі, найзағай болады, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, желдің күшейеді, республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады.

Республиканың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ақмола, Атырау, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, найзағай болады, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Кызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай болады, күндіз бұршақ, дауыл болуы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, түнде тұман күтіледі. Күндіз Қарағанды облысының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

Күндіз Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Кызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, кей жерлерде Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, кей жерлерде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.


Жаңалықтар
0