Өңірлер

Шілденің соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Серикжан КовланбаевФонтандар
Фонтандар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы демалыста күн жылынып, кей өңірлерде аптап ыстық болады. Дегенмен, өткінші жаңбыр елімізде ара-тұра болып тұрмақ, дейді "Қазгидромет" инженер-синоптигі Айдана Әбіқан.
Июль на прощание подарит казахстанцам жаркие дни

"Оралдан Батыс Сібірге ауысқан циклондармен байланысты атмосфералық фронттар республиканың солтүстік өңірлеріндегі ауа райына әсер етеді. Фронттар шығысқа ауысқан сайын, кей жерлерде өткінші жауын жауып, күн күркірейді, күн күркіреген кезде дауыл соғуы мүмкін, сонымен бірге бұршақ жаууы мүмкін", — деді Айдана Әбіқан.

Ал оңтүстік өңірлерде аптап ыстық. Атмосфералық қысым артып, сынап бағанасы 40–42 градусқа дейін көтеріледі.

Еліміздің оңтсүтік-шығыс және орталығында да күн ыстық болып, демалыс күндері 38 градусқа жетеді.

Елордамызда ауа райы көшпелі бұлтты болғанымен, осы демалыста қалада жауын-шашын болмайды. Алматыда 33–35-градус ыстық.

Жаңалықтар
0