АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рам Натх Ковиндке Үндістан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Біз халықтарымыздың өсіп-өркендеуі жолында достық қарым-қатынасымыз бен тығыз ынтымақтастығымызды нығайту үшін бар күш-жігерімізді жұмылдыратынымызға сенімдімін. Сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізге табыс, ал достас Үндістан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін", – делінген жеделхатта.
Рам Натх Ковинд дүйсенбіде жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесі бойынша жалықтың 724 мың (дауыс берген сайлаушылардың жалпы санынан 65,65 %) дауысын жинады.