Қоғам

Байбек "Ескі баспана" бағдарламасы бойынша салынған үйлердің сапасын сынға алды

© Photo : акимат АлматыҚұрылыс
Құрылыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда 2024 жылға дейін 1000-нан астам ескі баспананы жаңарту жоспарланған

АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Алматы әкімі Бауыржан Байбек 2017-2024 жылдары ескі баспананы бұзу бойынша жаңа бағдарламаны жүзеге асыру туралы көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлайды әкімдік баспасөз қызметі.

Автокөліктер - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Байбек Алматы Орталық стадионы маңындағы тұрақты алып тастауды тапсырды

Қала басшысына осы бағдарлама іске асқанда 10 мың алматылық отбасының тұрғын үйін жақсартатыны айтылды. Қолжетімді баға бойынша қосымша 30 мыңнан астам пәтер салынады, қала тұрғындары жаңа әлеуметтік нысандармен, мектептермен, бала бақшалармен, емханалармен, жаңартылған инженерлік коммуникациялармен, абаттандырылған аумақтармен және басқаларымен қамтамасыз етіледі. Ол үшін таяудағы жеті жыл ішінде қала экономикасына жалпы көлемі 400 миллиард теңге жеке инвестиция тартылып, 70 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

"Біздің басты мақсатымыз — тұрғын үйлерді жаңартып қана қоймай, оның бағасын төмендету, жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестиция тарту. Мемлекет басшысы тек "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша ғана емес, сонымен қатар бюджеттен тыс қаржы есебінен де құрылыс салуды тапсырды. Біздің қалада бұл үшін барлық жағдайлар бар, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыратын боламыз", — деді Бауыржан Байбек.

Ол жаңа үйлердің жобаларын жасағанда және құрылысты жүргізгенде коммуникация мен желілерге түсетін ауыртпалықты қатаң ескеру қажеттігін айтты және өкілетті органдардың назарын жаңа құрылыстар аулаларын тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге аударды.

Жаңалықтар
0