АСТАНА, 21 шілде — Sputnik. Меккеде қасиетті Қағбаның жамылғысына арналған көрме ашылды, деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының ресми сайы marwa.ru ресурсына сілтеме жасай отырып. Көрмеге келушілер жамылғының алдынғы дәуірлерде қандай болғанын және бүгінгі күнге дейін қандай болып келе жатқанын көре алады.
Көрмеде сондайақ, Қағбаның жапқышы қисуаны дайындайтын тігіншілердің де құралдары бар. Бір жамылғыны тігу үшін әдетте бірнеше ай жұмсалады.
Процестің әртүрлі кезеңіне 170 түрлі шебер қатысады. Қағбаны жабуға арналған қисуаны әдетте жылына бір рет Арафа күні қажылар Арафат тауында қажылықтың бір бөлігін орындап жатқанда ауыстыратынын естеріңізге сала кетейік.