Оқиға

СІМ: Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәліметтер жоқ

© Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуСтамбул - рекадр
Стамбул - рекадр - Sputnik Қазақстан
Жазылу

АСТАНА, 21 шілде — Sputnik. Түркия жағалауы маңындағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәліметтер түскен жоқ, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов. 

Эгей теңізінде 6,7 магнитудалық жер сілкінісі болды, деп жазған болатын РИА Новости АҚШ Геологиялық қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Зілзаланың кіндігі Түркияның оңтүстік батысында орналасқан Бодрум курорттық қаласынан 10,3 шақырым жерде, ал грекиялық Кос аралынан 16,2 шақырым жерде болған. Мугла қаласының бірнеше тұрғынының ауруханаға жатқызылғаны және Бодрум қаласының 70-тен аса тұрғыны медициналық көмекке жүгін хабарланған.  

"Осы кезге дейін жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы мәліметтер жоқ. Біз жағдайды қадағалап отырмыз, деректер түскен бойда ақпараттандыратын боламыз. Біз Түркияда демалып жатқан азаматтар санын есептей алмаймыз, өйткені бізде ондай техникалық мүмкіндіктер жоқ, сондықтан сол өңірдегі азаматтарымыздың нақты саны туралы айта алмаймын", — деді Жайнақов. 

Ол сондай-ақ, СІМ тарапынан шетелге шығатын қазақстандықтарға консулдық есепке тұруға кеңес берді.


Жаңалықтар
0