АСТАНА, 20 шілде — Sputnik. Таразда түрмеден босап шыққандар мен шартты түрде жазасын өтеп жатқандарға арналған "Пробация үйі" мектеппен бірге бір аулада орналасқан. Ондай көршілік оқу мекемесіне баратын балалардың ата-аналарының наразылығын туғызды.
"Әрине, ата-ананың алаңдаушылығын түсінуге болады, өйткені пробация қызметіне баратын тұлғалар арасында ауыр қылмыстар үшін сотталғандар бар. Ондай көршіліктің неге әкеліп соқтыратынын кім білер. Оның үстіне, жеке қылмыс элементтерінің теріс әсерінен оқшауда болулары тиіс", — дейді Тараз прокуроры Бекзат Сейілханов.
Пробация қызметі және облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментімен жүргізілген келіссөздерден кейін прокурорлар пробация қызметінің облыстың ҚАЖД ғимаратына көшірілуіне қол жеткізді.
Босатылған ғимарат "Еңбек" ЖШС-на берілді. Оның жұмысшылары ешқандай қауіп төндірмейді.