АСТАНА, 20 шілде — Sputnik. Ағымдағы жылдың 6 айында жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау 18,7%-ға өскен немесе бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 500 мың адамға артқан, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
2017 жылғы жарты жылдықта барлығы 3,2 миллион адам әуе компания қызметтерін пайдаланды. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ақпараты бойынша, өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда халықаралық бағыттар бойынша жолаушылар ағынының өсімі 46%-ды (2016 ж. – 113514 жолаушы, 2017 ж. – 165435 жолаушы) және ішкі рейстерде 24%-ды (2016 ж. – 190979 жолаушы, 2017 ж. – 237309 жолаушы) құрады. 2016 жылы әуежай 3,5 млн. жолаушыға қызмет көрсетті. 2017 жылғы жарты жылдықта – 1,8 млн. жолаушыға қызмет көрсетілген. Жыл басынан бері шетелдік және қазақстандық әуе компаниялар 9 жаңа халықаралық бағытты ашты.
"Ашық аспан" шеңберінде Астана – Хельсинкі, Астана – Варшава, Астана – Будапешт, Астана – Бейжің, Астана – Киев, Астана – Батуми, Астана – Нью-Дели, Астана – Ереван, Астана – Минеральные воды рейстері ашылды. Қазақстанға польшалық LOT, венгриялық лоукостер Wizz Air, финдық Finnair, қытайлық Air China сияқты жаңа әуе тасымалдаушылары келді.