Ұйымдастырушылар ралли қатысушыларына қытайлық тараппен жолдың осы учаскесімен жүріп өтуге келісі алмағандарын айтты. Себептердің бірі – экипаждар жүріп өтуге тиіс болған құмдар қорық аймағында орналасқан.
Мәскеуден 7 шілдеде шыққан "Жібек жолы" раллиі үш ел аумағы: Ресей, Қазақстан және Қытайдан өтеді. Ралли 22 шілдеде қытайлық Сианда аяқталады.
Ардавичус экипажы жарыстардың 11 кезеңінен кейін бесінші орында келеді.