Қоғам

Елбасын туған күнімен кімдер құттықтады?

© Sputnik / Болат ШайхиновНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақорда Мемлекет басшысына келіп түскен құттықтаулардың тізімін жариялады

АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Қазақстан Президентінің атына шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларынан, өкілді органдардың депутаттарынан, шетелдердің және Қазақстанның мемлекеттік, қоғамдық және іскерлік ұйымдары жетекшілерінен, зиялы қауым мен дін өкілдерінен, дипломатиялық миссия басшыларынан, сондай-ақ, еңбек ұжымдары мен жекелеген азаматтардан кең ауқымды хаттар келіп түсті, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Димаш Елбасын туған күнімен ерекше құттықтады

Шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының құттықтау жеделхаттарында Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен қарқынды дамуындағы, елдің халықаралық аренадағы беделін нығайтудағы рөлі мен жас елордамыз Астананың құрылысына қосқан үлесі айрықша аталған.

Қазақстан Президентінің атына Ресей Федерациясының Президенті В.Путиннен, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннен, АҚШ Президенті Д.Трамптан, Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғаннан, Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиёевтен, Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаевтан, Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмоннан, Түрікменстан Президенті Г.Бердымұхамедовтен, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенкодан, Әзербайжан Республикасының Президенті И.Әлиевтен, Армения Республикасының Президенті С.Саргсяннан, Украина Президенті П.Порошенкодан, Сербия Республикасының Президенті А.Вучичтен, Хорватия Республикасының Президенті К.Грабар-Китаровичтен, Италия Республикасының Президенті С.Маттарелладан, Латвия Республикасының Президенті Р.Вейонистен, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Д.Медведевтен және Венгрия Республикасының Премьер-Министрі В.Орбаннан құттықтаулар келді.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы Дональд Трамптан құттықтау хат алды

Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға, сондай-ақ, мемлекетаралық деңгейдегі ынтымақтастықты жолға қою үшін қолайлы ахуал жасау ісіне қосқан үлесіне халықаралық және шетелдік ұйымдардың, дипломатиялық миссиялардың басшылары мен өкілдерінің хаттары мен жеделхаттарында жоғары баға берілген. Олардың қатарында ҰҚШҰ бас хатшысы Ю.Хачатуровтың, ТМД атқарушы хатшысы – атқару комитетінің төрағасы С.Лебедевтің, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т.Саркисянның, Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесінің президенті В.Христенконың, ТМД экономикалық сотының төрағасы Л.Каменкованың, Қазақстан Республикасы Парламентінің ТМД Парламентаралық ассамблеясындағы және ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясындағы өкілі Х.Бакеновтің, Индонезия Республикасының Қазақстандағы елшісі, Астанадағы АСЕАН комитетінің төрағасы Р.Прамононың, Еуропалық парламенттің Орталық Азия елдерімен және Моңғолиямен байланыс жөніндегі делегациясының төрағасы И.Григуленің, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Д.Кролдың, Болгария индустриялық қауымдастығы төрағасының орынбасары әрі бас хатшысы М.Попованың, Мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасы Т.Анодинаның хаттары бар.

Елбасының өңірдегі ынтымақтастықты нығайтудағы және мемлекетаралық кооперацияны күшейтудегі айрықша еңбегі мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, сондай-ақ, Ресей Федерациясының азаматтары мен коммерциялық құрылымдарының өкілдерінен келіп түскен көптеген хаттар мен жеделхаттарда атап өтілген.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы әзілдейді: ЭКСПО-ға маған шақыру керек емес

Қазақстанның жас тәуелсіз мемлекетті құру, этносаралық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өсімнің жоғары қарқынына қол жеткізу, тарихи қысқа мерзімде әлемнің ең серпінді дамушы мемлекеттерінің қатарына кіру ісіндегі таңғажайып жетістіктерін еліміздің азаматтары өздерінің көптеген құттықтауларында атап өтеді. Халықтың барлық әлеуметтік топтарын құрайтын хат авторлары Қазақстан Президентінің жүзеге асырып жатқан экономикалық және саяси бастамаларына бірауыздан қолдау білдіреді және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің орасан зор табысын айрықша атап өтеді.

Қазақстан Президенті өз атына келіп түскен хаттардың бәрімен мұқият танысып шықты және барлық авторларға құттықтаулары мен жылы тілектері үшін алғысын білдіреді.

Жаңалықтар
0