АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында тауар сақталған үлкен қойма өртенді, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Оның берген мәліметіне сүйенсек, "Фараб" ЖШС-не тиесілі қойма бейсенбі 20 шілде күні сағат 07.17-де өртенген. Компания медициналық мақта, мақта таяқшаларын, майлықтар және т.б. шығарады.
© Photo : ҚР ІІМ ТЖКТүркістанда мақта қоймасынан өрт шықты

Түркістанда мақта қоймасынан өрт шықты
© Photo : ҚР ІІМ ТЖК
Өртті сөндіруге екі сағат кеткен. 30 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Өрт 09.07-де сөндірілген.
Өрт аумағы 600 шаршы метрді құраған.