Қоғам

Әлемнің 8 еліндегі қазақтар туралы фильм түсіріледі

© Sputnik / Анатолий Устиненкоқазақтар
қазақтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шетелдегі қандастар туралы "Қиырдағы қазақтар" деректі фильмі түсіріледі

АСТАНА, 19 шілде — Sputnik. Шетелдегі қандастар туралы "Қиырдағы қазақтар" деректі фильмі түсіріледі, деп хабарлады ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев. 

Казахстанцы, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қандасымыз Қытай үкіметінің қазақтарға істеп отырған қиянатын Елбасыға жеткізді

"Жақында Мемлекет басшысы Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында шет мемлекеттердегі қандастарды қолдауға қатысты бірқатар тапсырма бергені белгілі. Соның бірі – оларды тарихи Отанына таныстыру, арадағы байланысты күшейту. Осыған орай, министрліктің тапсырмасымен "Қазконтент" АҚ-ның "National Digital History" порталы шетелдегі қандастарымыз туралы деректі фильмдер сериясын түсіруге кіріседі", — дейді Абаев.

Түсірілім қазақ диаспоралары шоғырланған 8 мемлекетте – Ресей, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Иран және Ауғанстан елдерінде жүргізіледі.

"Жобада сол елдердегі қазақтардың тұрмысы, тарихы, ерекше дәстүрлері, мәдениеті қамтылуы тиіс. Бұл шетелдегі қандастарымызбен арадағы байланысты одан әрі нығайтуға үлкен үлес қосады деп сенемін", — дейді министр. 

Сондай-ақ, National Digital History порталында экспедиция жұмысынан Live режимінде ақпарат таратылып, әлеуметтік желі пайдаланушылары мен интернет қолданушыларына тікелей ақпарат жеткізілетін болады.

Бұл бастама қазақ халқының мәдениетіне, тарихына және салт-дәстүрлеріне жаңаша тұрғыда қарауға, шетелдегі қазақтардың өмірін шынайы көрсетуге мүмкіндік береді, деген сенімде жоба жетекшілері. 


 

Жаңалықтар
0