Өңірлер

Синоптиктер алдағы 3 күнде ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Болат Шайхиновжаз
жаз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
20-22 шілдеге арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 19 шілде — Sputnik. Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Республикамыздың оңтүстігінде жоғары қысым әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, ауа температурасы аз уақытқа төмендеп, кейін қайта көтеріледі. Алдағы екі тәулікте, ауа температурасы +30+38 градусқа дейін, ал 22 шілдеде кей жерлерде 41 градусқа дейін ысиды деп болжанып отыр.

Ал Қазақстанның солтүстігінде атмосфералық фронттардың әсерінен кейбір жерлерде өткінші найзағайлы жаңбыр, екпінді жел, бұршақ түсуі ықтимал. Ауа температурасы нормаға жуық болады деп күтілуде, бірақ синоптиктердің болжауынша 22 шілдеде кей жерлерде күн +30+35°С дейін ысиды. 


Жаңалықтар
0