Новый ночной маршрут появится в Астане
"Сәуірдің 7-сінен 8-іне қараған түні алғашқы түнгі автобусты енгізгенімізде, оң пікірлер көп айтылды. Қала тұрғындары мен қонақтары пайдалана бастады, оның үстіне, автобус қала орталығы арқылы өтіп, ескі теміржол вокзалы мен әуежайды байланыстырады. Вокзалдан немесе әуежайдан түн ішінде 150 теңгеге қатынауға болады. Бұл тиімді әрі ыңғайлы", — деді Игенбердинов.
Оның айтуынша, қала тұрғындарының тілегіне орай, "Нұрлы жол" вокзалы мен "Алай Astra" көлік орталығын байланыстыратын жаңа түнгі бағдарды енгізуге шешім қабылданыпты.