АСТАНА, 18 шілде — Sputnik. Алматы облысында қыз бала суарма арыққа батып, қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қайғылы оқиға дүйсенбі 17 шілдеде, Жамбыл ауданындағы Еспе ауылында болған.
Он жасар екі қыз ойнап жүріп, Еспе ауылының шетіндегі малға арналған арыққа түсіп кетеді.
Жергілікті тұрғындар қыздардың бірін құтқарып алған, ал екіншісі батып кетті.
"Құтқарылған қыз аудандық аурухана дәрігерлерінің қарауында. Кеше хәл-жағдайы аса ауыр болатын", — деп хабарлады Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.
Құтқарушылардың мәліметіне сүйенсек, шомылу кезеңі басталғалы бері Алматы облысындағы өзен-көлдерде 72 төтенше жайт тіркелген.