Өңірлер

Астанада дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Болат Шайхиновжаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сәрсенбі Астана мен Ақмола облысында бұршақ жауып, қатты жел тұрады

АСТАНА, 18 шілде — Sputnik. Ақмола облысы және Астанада сәрсенбі дабылды ескерту жарияланды. Қатты жел тұрып, бұршақ түсуі ықтимал.

"Сәрсенбі, 19 шілдеде Ақмола облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстіктен және солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с-ге дейін жетеді деп күтілуде", — деп хабарлады Қазгидромет. 

Астанада да күн күркіреп, бұршақ түсуі ықтимал. Күндіз қатты жел тұрады. 

Сейсенбі, 18 шілде Астанада нөсер жаңбыр жауып өтті. Синоптиктер алдағы уақытта елдің солтүстігінде құбылмалы ауа райы сақталатынын ескертеді. 


Жаңалықтар
0