Оқиға

Маңғыстауда атыс кезінде алты адам жараланды

© AP Photo / Fernando VergaraАтыс
Атыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үш жас жігіт ауыр оқ жарақатын алып, облыстық ауруханаға жатқызылған

АСТАНА, 18 шілде — Sputnik. Маңғыстау облысында үш жас жігіт ауыр оқ жарақатын алып, облыстық ауруханаға жатқызылған, тағы үш адамға медициналық жәрдем көрсетілді, деп хабарлайды "Ақтау-Лада" порталы.

Өмір бойына сотталған адам - Sputnik Қазақстан
Алматыдағы теракт: лаңкес Күлекбаев жазасын қалай өтеп жатыр?

Басылымның берген мәліметінше, атыс 18 шілдеге қараған түні Қарақия ауданды, Құрық ауылында болған. 

Маңғыстау облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі атыстың болғанын растады. "Үш жігітке аудандық аурухана дәрігерлері жәрдем көрсетті. Қалған үшеуі ауыр хәлде Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді", — деп хабарлады полиция.

20, 22 және 23 жастағы үш жас жігіт көптеген оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген.

"Зардап шеккендердің денесі, қол-аяғы, кеуде қуысы, қарыны жараланған. Науқастардың бірі асқазан, аш ішек, тоқ ішек, он екі елі шектен көптеген ауыр жарақат алған. Ішастар қуысына бір жарым литр қан құйылған. Жарақаты тігілді. Науқас жан сақтау бөлімінде жасанды демалдыру аппаратымен жатыр, хәлі ауыр", — деп мәлімет берді Маңғыстау облыстық ауруханасы директорының хирургия бойынша орынбасары Мұхамеджан Нұрғазиев.

Екінші науқас жасанды қан айналымы аппаратынан ажыратылып, есін жиған. Дәрігерлер оның хәлін бір қалыпты деп отыр, жалпы хирургия бөліміне ауыстырылмақ. Үшінші зардап шегушінің іш құрылысына зақым келіп, жасанды қан айналымы аппаратына қосылған, аппараттан ажыратылған соң жалпы хирургия бөліміне ауыстырылады.

Куәгерлердің мәліметінше, тағы бірнеше адам атыс кезінде зардап шегуі мүмкін. Бірақ полиция бұл ақпаратты растамады.

Жаңалықтар
0