АСТАНА, 18 шілде — Sputnik. Астанада жас қыз таныс жігітінің Lexus көлігін айдап әкетіп, рөлге ие бола алмай, аударылып қалған, деп хабарлайды Ақмола облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Целиноград аудандық полициясына елордалық Есіл аудандық ішкі істер бөлімі хабарласып, 23 жастағы елорда тұрғынынан қоңырау түскенін жеткізген. Оның айтуынша, Қосшы ауылына жақын маңдағы "Чистые пруды" демалыс орны аумағында таныс қыз бірге ішімдік ішкен соң, жігіттің Lexus RX 350 көлігін айдап әкетіпті.
Тәртіп сақшылары кроссоверді Астана аумағында ұстады, алайды 23 жастағы елорда тұрғыны жол апатына ұшырап үлгерген, салдарынан көлікке техникалық зақым келіпті. Келтірілген зиянды жәбірленуші 30 миллион теңгеге бағалады.
Ақмола полициясы ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Бап бойынша жас қыз екі жылға дейін сотталуы мүмкін.