Мәдениет

Беларусте "Славян базары" көрермендері Димашты сахнадан жібермей қойды

Жазылу
Димаш Құбайдерген халықаралық байқаудың жабылу салтанатында өнер көрсетті

АСТАНА, 18 шілде — Sputnik. Димаш Құдайберген Белоруссияның Витебск қаласында "Славян базары- 2017" халықаралық байқауының жабылу салтанатында ән шырқап, көрермендерді тәнті етті.

"Славян базары- 2017" байқауына Димаш құрметті қонақ ретінде шақырылған. Әнші байқаудың жабылу салтанатында "Адажио" әнін шырқады.

Димаштың өнеріне тәнті болған көрермендер ұзақ қол соғып, ыстық қошемет көрсетті. Өнерсүйер қауым "на бис" деп, Димаштан тағы да ән шырқап беруін сұраған. Осы сәтті әншінің PR-менеджері Алпамыс Шәрім әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Биыл "Славян базары" байқауында екінші жыл қатарынан құрметті қонақ ретінде өнер көрсеттім. Осы мүмкіндікті маған сыйлап, шексіз ілтипаттарын көрсетуден жалықпайтын фестиваль ұйымдастырушыларына шексіз алғыс айтамын! Мені алыстан қолдап келген барша жанкүйерлерге де мың алғыс! Саxнаға шыққан кезден бастап Сіздердің энергияларыңыз мені ерекше көңіл-күйге бөледі!", — деп жазған Димаш инстаграмдағы парақшасында. 

Айта кетейік, Димаш Құдайберген 2015 жылы "Славян базары" байқауына қатысып, гран-при иегері атанған болатын.

Жаңалықтар
0