Оқиға

Астанада ІІМ ғимаратында өрт шықты

© SputnikҚазақстан ІІМ
Қазақстан ІІМ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт таңертең ведомство қызметкерлері жұмыс орындарында болған кезде шыққан

АСТАНА, 18 шілде — Sputnik. Сейсенбі күні таңертең ҚР ішкі істер министрлігі ғимаратында техника тұтанды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

"ІІМ әкімшілік ғимараты кеңселерінің бірінде электр желісінің тұйықталуы салдарынан техника тұтанды, өрт сөндірілді", — деп хабарлады сұхбат беруші.  

Зардап шеккендер жоқ. Тұйықталу таңертең болған, ол кезде қызметкерлердің бәрі жұмыс орнында отырған, деп атап өтті баспасөз қызметі.

Жаңалықтар
0